бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 7 08.11.2023 17:54

Бауыржан Сатов әкесінің қалай қайтыс болғанын айтты

Ашық дереккөзден

Танымал актер Бауыржан Сатов балалық шағынының қиын болғанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы ernur.kz басылымына сілтеме жасап.

Бауыржан Сатов әріптесі Тәуекел Мүслімнің «Ұрпақ» подкастында берген сұхбатында марқұм әкесінің қалай қайтыс болғанын айтты.

«Мен ол кезде небәрі үш жаста едім. Әкем небәрі 24-те, ал анам 23 жаста болатын. Бірақ бәрі еміс-еміс есімде. Әкемді біреулер анамның көзінше атып кеткен. Үйде әжем де бар еді. Ол кісі арақ-шарап, шемішке сататын. Ішіп алған адамдар есікті ұрып, сауда жасауын сұраған болуы керек. Апам «жоқ, түн болды, қайтыңдар» деген. Сол сәтте әлгілер апамды боқтаған. Оны менің әкем естіп қалған. Өзі қызуқанды, басынан сөз асырмайтын адам болған екен. Дереу сыртқа шығып, әлгілермен төбелесе кеткен ғой. Олар қайтып кетіп, біраз уақыттан кейін мылтықпен келіп, алдымен есіктің алдындағы итті атқан. Сол кезде әкем шығып қалған да, оқтың біреуі жүрек тұсына тиіпті. Сол жерде тіл тартпай кеткен» деді Бауыржан Сатов.