бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 19 09.11.2023 10:41

Елімізде қызылшаға қарсы екпе егу басталды

Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еллі қызылшаға қарсы қосымша иммунитет қалыптастыруға шақырды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қазір Қазақстанда қызылшаға қатысты қолайсыз жағдай қалыптасты.

Биыл қызылша дертімен 13 мың адам ауырған. Оның 83% бес жасқа дейінгі балалар. Ал жұқтырғандардың 70% - ы вакцина алмаған.

Осыған байланысты Қазақстанда қосымша жаппай егу жұмыстары жүргізіледі. Министр екпе егу жұмыстары қаңтар айының соңына дейін жалғасатынын айтты.