бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 7 10.11.2023 11:7

Экс-министр Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Ашық дереккөзден

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Экс-министр Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабарлама тарады.

Оқиға Bau мейрамханасындағы Гастроцентрде 1992 жылы туған әйелдің жедел жәрдем келгенше қайтыс болғаны белгілі болды.

Полиция ұсталған адамның аты-жөнін атамады. Алайда оқиғаны растады.

"Астана қаласының полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болғанын, оның салдарынан әйел адам алған жарақаттары нәтижесінде көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл ауданы полиция департаменті және полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр”, – делінген полицияның хабарламасында.