бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 6 10.11.2023 13:52

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз қатынауға болады

Ашық дереккөзден

2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қытайға кеткен қазақстандықтар мемлекет аумағында болу мерзімі 30 күннен аспауы керек. Қазақстанға келген Қытай азаматтарына да дәл осы заң қолданылады.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі 10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енетінін мәлімдеген еді. Осы келісімнің 1-ші бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады.