бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 9 10.11.2023 17:47

Заттыбек Көпбосынұлы мен Ақбота Керімбекова “құда” болады

Ашық дереккөз

Қазақстандық әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы мен әнші Ақбота Керімбекова құда болатынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

«Ұйқым келмейді» бағдарламасында қонақта болған Заттыбек Көпбосынұлы  өнердегі әріптесі Ақбота Керімбекованың қалай құдағи атанғанын есіне алды.

Қызды ұзақ күттік қой. 2012 жылы қызымыз дүниеге келгенде туған-туыс, дос-жаран мен әріптестердің бәрін жинап үлкен той бердік.

Ақботамен бұрыннан таныспыз. Іссапарға шыққанда мұңымызды, сырымызды айтамыз. Сонда ол мені жұбатып: «Досым, мұңайма, әлі ұлың да, қызың да болады. Екеуміз құда боламыз» дейтін. Ақботаның аузының дуасы бар екен. Одан басқа да қаншама жақын жандарымыз тілеулес болды. Алланың сабырлылық танытқанымыз үшін берген сыйы ғой, қызды болдық.

Сол тойда Ақбота қызыма арнайы келіп сырға тақты. Оған дейінгі әңгімені ешкім білмейді, ал мен іштей қылп ете қалдым. Құдды тойдың үстінде әкетіп қалатындай күй кешіп, қызғанғанымды көрсеңіз. Түрім де өзгеріп кеткен, - деді күліп.