бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 40 11.11.2023 17:28

“АрселорМиттал Теміртау” компаниясы қайтыс болған кеншілердің отбасына көмек көрсетті

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына жалақы төледі, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Аталмыш компания он жылдық жалақы төледі. Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өткен брифингте қаза болғандардың отбасына көрсетілген материалдық көмек туралы айтты.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 41 отбасыға 10 жылдық жалақы төледі. Қаза болған шахтерлердің, олардың жұбайларының, ата-аналары мен балаларының несиелері өтелді. Сондай-ақ, компания әрбір отбасына кемінде 18 шаршы метр пәтер сатып алуға міндеттенеді. Сақтандыру төлемдері, ЖОО-да 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысы қарашада оқу мерзіміне төлене бастайды, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.