бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 19 12.11.2023 13:28

Экс-министр Қуандық Бишімбаев 2 айға қамауға алынды

Қуандық Бишімбаев, Салтанат Нүкенова, қамау, шенеунік

Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл ақпарат Астана соттарының Facebook-тегі парақшасында жарияланды:

"2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті К.Бишимбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.