бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 5 14.11.2023 11:39

Таразда аяғы ауыр келіншектің басына бағдаршам құлады

Ашық дереккөзден

Тараз қаласында жүкті келіншектің басына бағдаршам құлаған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлап, миы шайқалған. Жол ережесін бұзған көлік соғылып, бағдаршамға соғысқан.

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Көп уақыт өтпей, полиция қашып кеткен жүргізушіні ұстаған. 

Басына бағдаршам түскен 2002 жылғы келіншек ауруханаға түсті. «Ми шайқалу» диагнозы қойылып, нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Маңдай аймағының тері астында гематома пайда болдыы. Отасыз толық жазылады, – деп мәлімдеді Тараз қаласындағы көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа.