бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 867 14.11.2023 14:56

Мейрамбек Беспаев Димаш Құдайберген туралы ойын айтты

Ашық дереккөзден

Мейрамбек Беспаев Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

«Ұлы Дала баласы деп Димашты ғана айтсақ дұрыс» — Мейрамбек Беспаев Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты.

Әнші Facebook парақшасында Димаш Құдайбергенді ерекше мақтап, ыстық ықыласын білдірген жазба жариялап, жұртты сүйсінтті.

«Бүгін мен Димаштың отбасы жайында айтып біраз ой бөліскім келіп отыр сіздермен оқырмандарым жанкүйерлерім.

Қазақ әншілері арасында халық екі адамды жақсы көрсе соның бірі Димаш бірі өзім десем артық айтқаным емес шындық осы.Қанат пен Света жақсы ұл қыз тәрбиелеп қазақғымның тектілігін күллі әлемге паш еткен.Димаштың бойында тәккәпарлық жоқ өз орнын айтар сөзін білетін жігіт.Өнердегі ағаларына сый құрметі ерекше.Бақыт деген ақша да емес атақта емес .Димаш қарындасы Раушанмен өте жақсы мәміле де бұдан қазақ жастары үлгі алсын.Қоғам да жүрегімді ауыртатыны қатыгездік көп.Мейірім барлық адамда болуы керек нәрсе оны жоғалтсақ адамгершіліктен айырыламыз.
Адам болудан қаламыз.Көп жолдастарымды көрдім атақты көтере алмады ақшаны көтере алмады.
Соңында отбасылары ойран болды бауыр бауырды көруден қалды.Димаш олардың қатарын да емес әлдеқайда бақытты халқына да көмектесіп.Өз отбасында да береке сақтай алған адам.Қазақ ұлты бекер тұңғыш баласын ата әжесі бауырына салмайды.
Димаштың текті ұрпақ болып қалыптасуы осының нәтижесі.Димаш ең бақытты отбасын да дүниеге келген.Әлемдегі ең бақытты адам оған қызыға да қызғана да қарауға болады.Сөзімді жақсы жағынан түсінерсіздер.
Мен Димаш Інімді қолдаймын жақсы көремін. Ұлы дала баласы деп Димашты ғана айтсақ ең дұрысы деп білеміз, — деп жазды әнші.