бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 5 14.11.2023 16:29

Қызылорда мемлекеттік қызметкерлерді интимдік суреттермен бопсалаған

Ашық дереккөзден

Қызылордада алаяқтар шенеуніктерді интим суреттермен бопсалағаны белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді алаяқтар интимдік суреттермен бопсалаған. Кейін бұл іс сотқа жеткен.

Соттың мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желідегі аватарларына сұлу қыздардың суреттерін қойып, жалған парақшалар ашқан. Сонан соң сол қыздың атынан ер адамдармен әңгіме-дүкен құрған. Уақыт өте келе алаяқтар жалаңаш суреттер жіберіп, шенеуніктен де сурет жіберуін сұраған.

Қызылорда облысында 12 мемлекеттік қызметкер осы алаяқтар тобының құрбаны болған.