бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 22 14.11.2023 17:26

Ырысбала Икрамбай 87-ші баспананы тарту етті

Ашық дереккөзден

Блогер Ырысбала Икрамбай тағы бір отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Ырысбала Икрамбай кезекті отбасыға үй алып берді. Бұл жолы "Ырысты армия" 87-ші баспананы сыйлады.

" Ырысты Армия  мені қолдаушы, жаны жақсылыққа құмар жандардың бірігіп 87 алған үйі. Сыр елі, жыр елінен. Әрбір үйді дәл осылай тап-тұйнақтай етіп табыстап келеміз. Қаншама халықтың жинаған жылуы, қаншама адамның күннің аптап ыстығында, күннің ызғарлы суығында жасағандағы еңбені бар. Аманат десем ауырлау болады, үлкен сый, бақ. Осы сыйдың қадірін түсінбегенде қалай жаның жыламайды",-деп жазды блогер парақшасында.