бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 86 14.11.2023 17:47

Астанада сібір жарасын жұқтырғандар анықталды

Фото: alau.kz

Астанада сібір жарасын жұқтыру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

2023 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша, елімізде сібір жарасын жұқтырғандар бойынша 38 дерек тіркелген.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында – 19, Ақмола облысында– 15, Қарағанды облысында – 3, Астанада – 1 (сырттан келген, ауру белгілерінсіз жағдай) тіркелген. Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысындағы бір жағдай кісі өлімімен аяқталған.