бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 12 15.11.2023 10:27

Марқұм Салтанаттың туыстары әділдік іздеп Астанаға келді

Ашық дереккөзден

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қайын жұрты Астанаға келді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әділдік іздеген Салтанат Нүкенованың туыстары Астана полиция департаменті бастығының тікелей қабылдауына кірген.

Жақынының мүддесін қорғауға келгендер мейрамханадағы бейнежазбаны өшіруге атсалысты деп экс-министрдің туыстарын да жауапкершілікке тартуды сұрап отырған көрінеді. Нүкеновтер әулеті бұл істе тергеушілердің де ауысқанына наразы.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкеновтің айтуынша, полиция департаментінің бастығына кіріп, сұрақтардың барлығын қойған.

"Адамның басына салмасын, қазіргі күйімізді сөзбен айтып жеткізу оңай емес. Салтанаттың ата-анасына тіптен ауыр. Еңсесін көтере алмай жатып қалды. Бауырлары жүгіріп жүрміз жан-жақтан. Күдікті қайтсе де жазасын алса дейміз. Қанша дегенмен тамыр-танысы көп қой. Сот-медициналық сараптаманың да қорытындысын тездетіп қолға алатын болдық", - дейді Нүкенов.