бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 207 15.11.2023 10:49

Заңғар Нұртастың тойына жеңгесі Жұлдыз неге келмеді?

Ашық дереккөзден

Қайрат Нұртастың туған інісі Заңғардың үйлену тойы болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Алайда әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова әулеттің қуанышына қатыспаған көрінеді.

Әлеуметтік желіден тойды бақылап отырған көпшілік үлкен қуанышта тек Қайрат Нұртастың жалғыз жүріп, жары Жұлдыз Әбдікәрімованың ортақтаспағанын байқаған.

Тойда Қайрат Нұртас ән салып, қонақтардың көңілін көтеріп жүр. Алайда әлеуметтік желілерде таралған видеода оның әйелі актриса, жүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова мүлде көрінбейді.

«Жұлдыздікі дұрыс болмапты, реніштің бәрін жинап, келуі керек еді», «Неге тойда Жұлдыз бен балалары жоқ? Қайрат жалғыз өзі жүр», «Жұлдыз келмесе, Қайраттың басқа әйелі бар болғаны ғой», - деп көпшілік жарыса жазды.

Еске сала кетейік, Заңғар Нұртас шымкенттік Индира есімді қызға үйленді.