бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 195 15.11.2023 12:50

Атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан баласы бар екенін айтты

Ашық дереккөзден

Атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан баласы бар екенін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында берген сұхбатқа сілтеп.

Нұргүл Зиханова есімді келіншек осыдан 5 жыл бұрын әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын айтқан. Бағдарлама барысында әншіден "ұлым бар" деген әйел шындығын ақтаруға келген.

"Әкесі ретінде 100 пайыз қабылдаған адам - Бейбіт Қорған. Ол мойындамаса да, дәлелденсе, балаға жауапкершілікті алсын деймін. Маған одан ештеңе керек емес", - дейді ол. 

Келіншек Бейбіт Қорғанмен Атыраудағы караокенің бірінде танысқан.

"Ол танымал әрі сымбатті жігіт қой. Отырып, танысып, сөйлесеміз, өзі де ұнатты. Ол да шақырды, мен де кетәрі болмадым.

2018 жылы қарашада Атыраудағы караокеде достарымызбен отырдық. Біз екінші қабатта отырдық. Олар бірінші қабатта отырды. Құрбым одан нөмірін алған. Кейін біз басқа кафеде тамақ ішіп отырдық, сол кезде құрбым "Бейбіт Қорған қонақүйіне шақырды" деді". Әндерін қатты жақсы көретінмін. Құрбым қызуқанды болғасын, қасына көз болып барайын деп келістім. Таңғы 5-6-да бардық. Қонақүйге жай әңгіме айттық. Мен мүлдем сөйлескен жоқпын, тек әңгіме тыңдап отырдым. Бір-екі рет сыра іштім", - дейді ол. 

Алайда ортада ұрыс-керіс болған көрінеді. 

"Менде төсекке секіру деген ой болған жоқ, жай тек әңгіме айту болды. Бір айдан кейін тағы бір мейрамханаға шақырды, мені қарындасым деп таныстырды", - деді әйел. 

Шындық іздеп келген Нұргүлдің айтуынша ол әншінің отбасы барын білген.

"Бөлмеге келгенде мақсатым - жай әңгіме айтып, отыру. Жақындасу болғанда басында менің еркім болған жоқ. Маған қатты мінезді жігіттер ұнайды", - дейді Нұргүл. 
 

Алайда әнші "Астарлы ақиқат" бағдарламасының журналистеріне ДНҚ сараптамасын жасатпайтынын айтқан.

"Оны білмеймін. Танымаймын, екінің бірі солай айтса, жүгіріп ДНҚ сараптамасын тапсырмаймын", - деді өнер иесі.