бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 13 15.11.2023 17:49

Қызылордада тәрбиеші топтағы балаға қол көтерген

Ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында тәрбиеші балаға қол көтерген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Полиция басқармасына ата-ана тәрбиешінің үстіне арызданған. Жеке балабақшаның қызметкері тобындағы балаға дене жарақатын салған.

Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Тәркіленген бейнежазба қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың "денсаулығына жеңіл зиян" келгені белгілі болды, - дейді полиция.