бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 13 15.11.2023 17:57

Президент: Заң бәріне бірдей!

Ашық дереккөзден

Президент Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істің қатаң бақылауда болатынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесуінде айтылды.

Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді.  

"Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай  жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел", – деді президент.