бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 307 15.11.2023 19:32

Ерболат Құдайберген Димаштың даусын сынады

Ерболат Құдайберген Димаш Құдайбергеннің даусын сынады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ерболат Құдайберген Димашты "еркекке тән емес даусымен бізді әлемге танытып жатыр" деп сынады.

«Димаштың орындау шеберлігі дәстүрлі емес, бірақ ол бізді әлемге танытып жатыр. Табиғат бойынша еркек адам шиқылдамайды. Еркектің даусы тенор болу керек. Мысалы, Димаштың даусы сопрано. Ол таңғаларлық жағдай. Тарихқа жүгінсек, 2-3 ғасырда бір туатын балаларда болатын дауыс”, – деп түсіндірді ол.
Мақтан тұтамын, бірақ оның әндерін тыңдай алмаймын! Ерболаттың Димаш туралы пікірі осындай.
“Мен оны бауырым деп, тегіміз бір деп қанша сыйлағаныммен, оның әндерін күнделікті тыңдай алмаймын. Димаш тыңдайтын әнші емес, байқаудың әншісі. Шетелге апарып көрсететін, мақтан тұтатын әншілердің бірі. Бірақ мен Димаштың әндерімен оны тойға шақырмас едім», – дейді Құдайбергенов.