бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 124 16.11.2023 9:44

Жол апатынан кейін Сәкен Майғазиевтің денсаулығы нашарлаған

Әнші Сәкен Майғазиев жол апатынан кейінгі жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бірнеше апта бұрын әншінің көлік апатына түскені белгілі болған еді. Сәкен Майғазиев қалай аман қалғанына өзі де сенбейді.

Халық әртісі жол апатынан кейін денсаулығы сыр бере бастағанын да айтты.

“Өткендегі жол апатынан кейін бір ай бойы шыдап жүре берген едім. Кеше шыдамай кеткен соң бір сынықшыға барсам, сүйегі шығып кетіпті. Шыбығы тайып, жүйке тамыры қысылып қалған шығар деп ойлап едім. Олай емес екен. Сынықшы сүйекті орнына салып жатқанда жаным көзіме көрінді. Мүздай тер бұрқ етті. Сүйек орнына келгенше ауыр көтеруге болмайды. Мейрамбектің көкпарында көкпар тартуға болмайтынын айтты. Енді тек жанкүйер боламын. Мен қатыса алмай, көкпаршы жігіттердің айы оңынан туатын болды”, – деп жазды әнші.