бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 7 16.11.2023 10:54

Өскеменде 3 оқушыны көлік қағып кетті

Өскемен қаласында 3 оқушыны көлік қаққан, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Көлік қаққан 3 оқушы да түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні кешкі уақытта болған. 13-14 жас аралығындағы балалар жаттығудан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан уақытта оқиға орын алған.

Сәтбаев көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысында келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 3 баланы қағып кетті. Соның салдарынан түрлі дене жарақатын алған үшеуі де ауруханаға жатқызылды, - делінген ақпаратта.