бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 898 16.11.2023 11:46

Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі Сәбиттен зорлық көргенін айтты

Ашық дереккөзден

Алтынай Жорабаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші Алтынай Жорабаева актер Сәбит Әбдіхалықовпен шаңырақ көтеріп, 4 қызды өмірге әкелді. Алайда жұлдыздар кейіннен тіл табыспай, екі жаққа кетті. 

Әнші Жорабаева белгілі актер Сәбит Әбдіхалықовпен бірге тұрған кезінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын хабарлаған.

Ер адам Алланың тиымдарының шеңберінен шыққан күні әйелінен мінез шығады". Осы постты 2015 жылы 1 қазанда салған екенмін. Шегіне жетіп, жарылайын деп жүрген кезім ғой. Содан 2016 жыл 11 қаңтарда Астанаға қаштым ғой 4 қызымды алып, - дейді әнші.