бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 50 16.11.2023 16:40

Нұргүл Мыңғатова қауын сатып, бизнес жасағанын айтты

«Келінжан» сериалының актрисасы Нқргүл Мыңғатова басынан кешкен оқиғалары туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Балқия рөлімен елге кеңінен танылған белгілі актриса Нұргүл Мыңғатова «Ұйқым келмейді» бағдарламасында кішкентай кезінен бастап бизнеспен айналысқанын айтқан.

Не сатпадым мен?! Кішкентай кезімнен бастап бизнеспен айналыстым. Еңбек, Аллаға шүкір, ақталып жатыр. Әрине, оның бәрі керемет өмірден емес қой. Ақша табу керек болды. Өзім де бір орында отырмайтын адаммын ғой. Көк базарда қауын сатып алатынмын. Бір қауынды 50 теңгеден алып, үстінен ақша қосып саттым, - дейді актриса.