бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 7 17.11.2023 11:28

Нұрлан Әміровтың денсаулығы нашар екенін айтты

Эстарададағы танымал топ  "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі Нұрлан Әміровтің жүрегі нашарлаған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Өнер иесі Нұрлан Әміровтың жұбайы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әншінің денсаулығына қатысты шындықты айтты.

"Менен 19 жас үлкен болса да, жас айырмашығы сезілмейді. Қарсы шыққандар болды. Жүрегінің ақауы бар. Жүрегінің кардиостимуляторы бар. Ол кісі екі рет инфаркт алған. "Жүрегін ауыстыру керек" деп айтқан жағдай да болды. Біздің жүрегіміз 100 пайыз істесе, оның жұмысы тек 50 пайыз жұмыс істейді. Қатты ауырып, "Дайындалыңыз" деген уақыт та болды", - деді әншінің жұбайы Диана Смағұлова.