бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 76 17.11.2023 14:32

Аружан Жазылбекова отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтты

Танымал актриса Аружан Жазылбекова отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Актриса Аружан Жазылбекова отбасындағы зорлық-зомбылық туралы жазба жариялап, инста-оқырманын бұл жағдайда үнсіз қалмауға шақырды.

«Аружан, сен мықтысың, өйткені бұл жағдайдан тыс қалмадың». Шын мәнінде, мен ештеңе айтпадым. Бұл жазба шимай-шатпақтың арасында бір апта бойы сақталды. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені ұят! Отбасыда зорлық-зомбылықты көріп өскен мен үшін мұны айту қаншалық ұят екенін білсеңіздер. Қоғам мұндай жағдайды айтсаң да, қысым көрсетеді. Бірақ кейінгі күндері мұндай жағдайды басынан өткермеген бірде-бір әйелдің жоғын байқадым. Демек, ұят емес қой?!  Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз», – дейді ол.