бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 10 17.11.2023 15:46

Ринат Зайытов тестілеудің ақылы екеніне шүйлікті

Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Ұлттық бірыңғай тестілеу барысындағы олқылықтарға тоқталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ұлттық бірыңғай тестілеу және Педагог қызметкерлерінің біліктілігін тестілеу ақылы түрде жүргізіледі. Осыған орай депутат пікір білдірді.

«Бәлкім бұл келісімнің ар жағында шынымен жақсы ниет болған шығар, алайда бүгін біз бұл тәжірибенің өте сәтсіз болғанын көріп отырмыз. Ол сәтсіздіктің салдарын тағы да қарапайым халық тартып отыр. 

Дәлірек айтсақ, келісім жасалғаннан бері ҰБТ-ның бағасы 2 240 теңгеден 5 640 теңгеге, яғни екі есеге өсті. Бұл – бір. 

Келесі, өңірлерде 114 ҰБТ өткізу пункті жабылып, тест тапсырушыларға қосымша жол мен жатын орын шығынын алып келді. 

Мысалы, тест тапсыру ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік пен қуаныш. Олар баласын қолдап, барын салып орталыққа баруға мәжбүр. Өйткені, тестілеу пункттері аяқ-жетім жерлерден алыстап кетті. Онсыз да табысынан шығыны көп халыққа, бұл тағы бір салмақ болып отыр», – деді депутат.