бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 26 17.11.2023 16:33

Саят Медеуовқа өнердегі достары көлік мінгізді

Ашық дереккөзден

Әнші Саят Медеуов 50 жасқа толды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Nege. kz-ке сілтеме жасап.

Әнші мерейтойына арнап, жеке концертін берді. Көрерменге арналған салтанаттан соң мейрамханада әріптестері мен жақындарына дастарқан жайған әншіні құттықтай келгендер көп.

 "Негізі о баста "Кешіңді өткіз. Біз қол ұшын созамыз" деп қолқа салған Мейрамбек Бесбаев пен Сержан Молдасан досым болатын. Жігіттер сөзінде тұрып, бастан-аяқ ұйымдастырушылық жағын жайластырды. Негізі баяғыда бір туған күнімізде Мейрамбек "Бір-бірімізге сыйлық жасамай-ақ, сәнімен сыйласып жүрейікші" деген еді. Бірақ, мерейлі жас болған соң ба, Мейрамбектің бастамасымен дос-жарандарым жиылып, көлік мінгізуді жөн көріпті", - деді Саят Медеуов.

Әнші достарына алғысын білдірді.