бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 64 18.11.2023 12:18

Алматыдағы перзентханада босанған келіншек қайтыс болды

Ашық дереккөзден

Алматыдағы перзентханалардың бірінде жақында босанған келіншек көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы "Информбюро" бағдарламасына сілтеп.

Жақындары келіншектің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Олардың айтуынша, ақ халаттылар өз жұмысына салғырттық танытқан екен. Ауырып келген науқасқа дер кезінде көмек көрсетілмеген.

Жамбасындағы ауруға шағымданған марқұм Ақботаға дәрігерлер босанған әйелде болатын симптом деген.

Тек жағдайы ушығып, жансақтау бөліміне түскенде ғана дәрігерлер көмекке келген. Бір баласы бар отағасының айтуынша, жүктілік кезінде де, босанғанында да ешқандай қиындық болмаған. Бұл жолы да ай-күні жетіп толғағы қысқан соң перзентханаға әкеліп, бірнеше сағат өткенде екінші ұлы өмірге келген.

Алайда келесі күні әйелі жамбасы ауырғанын айтып, ауруханаға барған.

 “Бүгін босанады, бүгін бәрі жақсы болады, Алла қаласа” деп қуанып кеткенбіз. Бірақ ақыр аяғында денесін мәйітханадан алып шықтық. Сонда №4 ауруханаға жібергеніне не себеп екенін біз білмейміз. Мына жақта сонда УЗИ мен рентгендері жоқ па? Бізде маман жоқ дейді. Ол қалай?” – деді Мейрамбек Досан.