бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 38 18.11.2023 15:22

Димаш Құдайберген шахтада қайтыс болғандардың отбасына қаржы аударды

Ашық дереккөзден

Димаш Құдайберген Қарағандыдағы шахта жарылысынан қаза тапқандардың балаларына 20 млн теңге аударды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші Димаш Құдайберген Костенко шахтасында әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 млн теңге аударды. Бұл туралы қоғам белсендісі Facebook парақшасында жазды.

«Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр. Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Қанатқа хабарласып ем, растады. Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай. Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки! Осы мақсатпен жариялап отырмын», - деп жазған Бауыржан Бабажанұлы.