бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 7 20.11.2023 12:38

Төреғали Төреәлі қарындасы үшін Түркияға аттанды

Төреғали Төреәлі қарындасына қолдау ретінде Түркияға ұшып барды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

"Ұлы дала баласы" атанған Төреғали Түркияға аттанғаны жайлы Instagram желісінде бөлісті.

Ол қарындасы Фариза Төреәліге барған. Блогер аға-жеңгесімен қауышқан сәттінен видео жариялап, оларға алғысын білдірді.  
 

"Ешкімге айтпай ағам мен жеңгем ұшып келіпті. Шексіз ризамын сіздерген. Қанша күннен бері ең жақсы клиника мен дәрігерді табу үшін бәрін жасапты. Алматыда да бармаған жерлері жоқ. Оның барлығын енді ғана біліп жатырмын. Тек Дарханмен байланыста болыпты. Астанада Дархан біраз жерге барған, Алматыда олар. Болмағасын шетелді қарастырып, бірнеше күнде бәрін жасапты. Раббым бәрінің сәтін салып тұр. Оның доспары қашанда хайырлы. Жақындарымның қолдауы қандай күш береді, шіркін. Тек шексіз алғыс, қатты жақсы көремін.