сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 21.12.2022 19:33

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Фото: bugin.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды» делінген хабарламада.

Сонымен қатар президент «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.