бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 38 21.11.2023 10:35

Әнші Абай Бегей жерлестерінен сөз естіді

Фото: El.kz

Әнші Абай Бегей құдалықтан кейін жерлестерінен сөз естіді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әншінің құдалық кезіндегі әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Абай Бегей құдалықьан соң жерлестерінен сөз естігенін де жасырмады.

Шымкенттіктермен құда болған әнші Абай Бегей оңтүстіктің салт-дәстүріне таңданған. Құдалық барысында жаңа түскен келіннің төркіні жасау алып келіп, жүгін көрсетті. Абай Бегей мен әйелі келіннің артынан келген көрпеге жатып, аунап, ырымын жасаған болатын.

Ақтаулық достарым "бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің" деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр оңтүстікте барын білетінмін. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған, – деді "Жұлдызды Weekend" бағдарламасында.

Оңтүстіктен келін алған әнші өңірдің салтынан аттап кете алмағанын айтып, ағынан жарылды.