сейсенбі, 2 шілде 2024
Технология 26 21.11.2023 13:47

Ақтөбелік оқушы Тәуке ханның портретін сөйлетті

Ашық дереккөзден

Ақтөбелік оқушы Тәуке ханды сөйлетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Sn.kz-ке сілтеп.

Ақтөбелік оқушы жаңа өнертабысты ойлап тапты. Ол Тәуке ханның портретін сөйлетті.

Өнертабыстың ерекшелігі Тәуке хан тұсында Қазақ хандығында қабылданған «Жеті жарғы» заңын баяндап береді.

Хромтау қаласындағы №3 орта мектептің алтыншы сынып оқушысы Жомарт Азаматұлы  портретті жасауда түрлі қажетті техникалық құралдар мен аудиотаспаларды пайдаланған. Жұмысты әзірлеуге бір жыл уақыт кеткен. Портрет mp3-құрылғысымен, сенсорлы өшіру түймелерімен және 12 В қуат көзімен жабдықталған.