бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 46 22.11.2023 10:11

Роза Әлқожа ұлын үйлендірді

Роза Әлқожа ұлының тойын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші өз ұлын Бейбарыс Қабаны үйлендірді. Ол үлкен тойды 500 адамға лайықтап жасаған. Бірақ жұлдызды тойға 700 қонақ жиналған.

Ешкімнен ештеңе дәметпей, бергендерге береке тілеп, әкелгендерді сандыққа сүңгітпей, несібесі деп қарап неше күн тойлаттық. Беташарды бөлек, құдалықты үйде, тойды өз алдына жеке өткіздік. Жоспарланған бес жүз адамның орнынан жеті жүз адам дәм татты! Айтайын дегенім - мен өз уақытында өз ортасында жүре алмаған, көшке кеш қосылған өнерпазбын ғой. Беташарда асаба болатынын ойламапын. Әнші керегін де аңғармағанмын. Әбдіжаппар өзі іштей ұғынды-ау деймін, үнсіз бәрін реттеді. Тойда да нағашысының ниеті биледі. Мен өзім күткен екі әнші келмеді. Алланың бұйрығы деп "қолды жібере салғанмын!, - деп жазды Роза Әлқожа.