бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 117 22.11.2023 10:45

55 жастағы азамат мектеп оқушысын алдап, жүкті етті

12 жасар қызды ұзақ уақыт 55 жастағы ер адам жыныстық қарым-қатынасқа тартқаны айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Информбюроға сілтеп.

55 жастағы ер адам кішкентай оқушыға қымбат сыйлықтар беріп, телефон сыйлап, оның сеніміне кірген. 12 жасар оқушыға ойына келгенін істеген.

Ол оқушы жүкті болып, анасына бар шындықты айтқан. Қалтасы қалың азамат қызды қорқытып, ешкімге айтпауын талап еткен көрінеді.

“Керек жоқ, оның байланысы мықты. Әйелі депутат. Балабақшада меңгеруші болып істейді” деп жылады. Маған қызым жүкті екенін тек жаңа жылдың қарсаңында айтты. Жүктілік мерзімі шамамен алты айлық”, – деді анасы Мәриям Смадиярова.