бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 31 22.11.2023 12:34

Блогер Дина Төреәлі оқырмандарына неге алаңдайтынын айтты

Төреғали Төреәлінің қарындасы әпкесінің денсаулығына алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Блогер Дина Төреәлі әпкесі Фариза Төреәлінің денсаулығына алаңдайтынын айтты. Фариза Түркияда онкология бойынша тексеріліп жатыр.

"Сіздерге бір шықпасам өз-өзіме сыйып отыру мүмкін емес болып бара жатқан сияқты. Күндіз-түні келіп жатқан толассыз хаттар, уайымдап шын ниетпен жазып жатқан, дұғада отырған әр оқырманға Алла разы болсын. Бір нақты жауабын күтіп сіздерден де бетер жанымыз шүберекке түйіліп отырғанына бір аптадай уақыт болыпты. Бәріңіз бір хабар күтіп отырғандарыңызды білемін. Алайда Фаридің анализдерінің жартысы әлі дайын болмады. Соны күтудеміз. Осы жағдай өмірімде орын алған күннен бастап, түйгенім көп. Ішімдегіні айтып бастарымды да білмеймін. Уайымдама деп жазу да, айту да оңай. Бірақ Алламен байланысты дұрыстап, тоқтаусыз дұға еткеннің арқасында жүрек ақырын тыныштық тауып бір жақсылыққа сенуде", - деп жазды блогер.