бейсенбі, 4 шілде 2024
Денсаулық 74 22.11.2023 16:56

Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел 49 рет полиция хабарласып, көмек сұраған

Қостанайлық әйелді күйеуі пышақтамастан бұрын полицияға 49 рет хабарласқаны белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қостанайда ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді. Мас ер адам әйелі мен әйелінің құрбысын пышақтап тастаған. Әйел адамдар қаза тапты.

Әйел көз жұмғанға дейін 49 рет полицияға хабарласқанын бас прокуратура хабарлап отыр. Кеңес отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылап жатыр.

"Өткен жылы Қостанайда ер адам алкогольдік ішімдік ішу кезінде әйелі мен құрбысын пышақтап өлтірген. Анықталғандай, әйелі кісі өлтіргенге дейін полицияға 49 рет хабарласқан", – деді бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.