бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 7 24.11.2023 12:20

Төреғали Төреәлі көп әйел алуға қарсы еместігін айтты

Әнші Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші оқырмандардың көкейінде жүрген "төрт әйел" айту туралы сұрақтарға жауап берді.

Иә, Алла қаласа тіпті төртеу алсам ба деп ойлаймын. Негізі екінші әйел алу қоғамдағы ауқымды тақырыптардың бірі ғой. Бұл Алланың қалауындағы нәрсе. Менің тағдырыма жазылған болса, мың адам қарсы болса да мен оны аламын. Бірақ тағдырыма жазылмаған болса, мен он жерден алам десем де, әйелімді көндірсем де ол тағдырға жазылмаған нәрсе. Тағдыр деген Алланың қалауы ғой. Алла қаласа болады. Қаламаса хайыр, - деді Төреғали.