бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 52 24.11.2023 15:43

Наркенже Серікбаева сахнадан кетуі мүмкін екенін айтты

Наркенже Серікбаева сахнадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші "Ұйқым келмейді" атты бағдарламада сұхбат берді. Наркенже Серікбаева сахнадан кетуі туралы ойланып жүргенін айтты.

Қиындықтарды көргенде «өнерді қойсам қайтеді?» деп сұрадым. Ол кісімен бірігіп жұмыс істегім келді, бизнес ашсақ деген ойым болған шығар. Ол кісі қарсы болды, «домбыраңды тастама» деуші еді. Бұрынғы жыр-термелерді айтқанымды жақсы көретін, жиі сұрайтын. Ол кісі өмірден өткен соң өнерді қоямын деп ойладым. Әлі де ойым бар, - деді Наркенже Серікбаева.