бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 221 24.11.2023 16:33

Жанболат Найзабековтің денсаулығы сыр бере бастады

Актер, театр әртісі Жанболат Найзабековтің денсаулығы сыр берген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ол денсаулығына байланысты "Өнер қырандарының" театрының төрт концертіне қатыса алмайтынын айтты.

“Мен қазір ештеңе ойлап тұрған жоқпын. Тек сахнада сөздерімді айтып шықсам екен деп тұрмын. Екі-аяғым бастырмай тұр. Әрең шыдап жүрмін. Грыжа деген диагноз қойған. Театрымыз дәл қазіргі уақытта гастрольде жүрген болатын. Төрт концертіне қатыса алмайын деп тұрмын. Бұл пранк емес. Денсаулықпен ойнауға қорқамын. Сахнада концерт өтіп жатыр,  мен сахна сыртында жедел жәрдем шақырып жатырмын. Екі кештің ортасында ауруханаға барып келдім”, – деді актер.