бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 148 25.11.2023 20:7

“Дос-Мұқасан” тобының әншісі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті

«Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды.

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келген.

Ол «Дос-Мұқасан» ансамбліне 1978 жылы қабылданады.

Ақжол Мейірбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері.