бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 7 27.11.2023 10:49

Оралда әйел адамның басына кірпіш түсіп, қайтыс болды

Орал қаласында әйел адамның басына кірпіш түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы

Орал полиция басқармасы өкілдері қайғылы оқиғаның Назарбаев даңғылында сағат 14:35-те болғанын хабарлайды. Олардың мәліметінше, әйел Оралдағы Назарбаев көшесінің бойымен өтіп жатқанда оның басына кірпіш құлап кеткен.

Алған жарақатынан қала тұрғыны оқиға орнында қайтыс болды.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтауда.