бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 325 27.11.2023 12:21

Мөлдір Әуелбекова 7 жастағы баласына 60 миллиондық сыйлық берді

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күнін дүркіретіп тойлатты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Мөлдір Әуелбекова бірінші некесінен туған ұлы Салтайдың туған күнін тойлады. 

Әнші парақшасында “40 қонақ, көптеген сыйлық. 5 сағаттық шоу-бағдарлама және менен құны 60 миллион теңгелік сыйлық”, – деп жазды.

“Менің екі қанатым бар, шүкір!
Өмірімнің шам шырағы – Салтай!
Дүниемнің жарығы – Айару!
Алланың қалауымен, маған әлсірегенде күш беретін, жабырқағанда көңілімді көтеретін, мен құлағанда тік тұрғызатын, құлазығанда дем сыйлайтын қос қанатым - екі балапаным! Сендер үшін қолымнан келгенін бәрін жасаймын!”, – деп жазды ол.