сенбі, 6 шілде 2024
Жаңалықтар 4 22.12.2022 8:27

Бішкекте жергілікті тұрғын қазақстандық келіншекті аяусыз өлтірді

Фото: Azattyq Rýhy

Бішкекте жергілікті тұрғын қазақстандық келіншекті аяусыз өлтірді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

Сот мәліметтері бойынша, айыпталушы өзіне 3800 доллар қарыз болған әйелмен жүздесуге келіскен. Алайда кездесу кезінде қазақстандық әйел адам қарызды қайтарудан бас тартты. Содан кейін ер адам оның пәтеріне кірген. Онда олар сөзге келіп қалады да, ер адам әйелдің аузын жемпірмен жауып тастайды. Ол есінен танып қалды. Содан кейін ер адам әйелдің мойнынан пышақпен ұрады. Жәбірленуші есін жоғалтпай қайтыс болды. Марқұмның пәтерінен айыпталушы телефон мен 4500 долларды ұрлап кеткен.

Сот ер адамға 10 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады.