сейсенбі, 2 шілде 2024
Жаңалықтар 11 28.11.2023 10:15

Денсаулық сақтау министрі қай өңірде қызылша ауруының өршіп тұрғанын айтты

Елімізде қызылша ауруын жұқтырған балалар көп. Тіпті арасында жзансақтау бөлімінде жатқандар да бар, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы Үкімет отырысында елдегі қызылша ауруының таралуына тоқталды. Оның сөзінше, халықтың көп жерге шоғырлануы инфекциялардың жаңа толқынына ықпал етуде.

"Біздің елімізде осы жылы қызылшаның 17 мыңнан аса жағдайы тіркелді. Оның 82 пайыздан астамы балаларға тиесілі. Оның ішінде вакцина алмаған балалардың үлесі 83 пайыз. Қызылша аурулары барлық өңірде тіркелді. Жоғары деңгейде Шымкент қаласында байқалады, 3 мыңнан аса жағдай, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында 2 мыңнан аса жағдай", - дейді министр.