бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 111 28.11.2023 18:55

Кәсіпкер Аян Сейітхан мен блогер Үміт Мұхитова дауласуда

Қазақстандық блогер Үміт Мұхитова мен кәсіпкер Аян Сейітхан өзара дауласуда, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жұлдызды жұп өткен жылы бас қосып, үлкен той жасаған. Алайда "Умкам" атымен танылған келіншек жолдасымен ажырасқанын айтты.

Блогердің бұрынғы жары Аян "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өз шындығын айтып, шағымданды. Оның айтуынша әйелі сәлем салмаған, қазақи дәстүрді ұстанбай, салафизмге бет бұрған. Ең сорақысы қазір өзінен туған қызын да көрсетпей жүр екен. Сондай-ақ, үйден кеткен әйелі өзімен бірге 20 миллион теңгені рұқсатсыз алып кеткен.

Ал блогер Үміт Мұхитованың айтуынша, шаңырағының шайқалуына күйеуінің желіде басқа қыздармен сөйлесуі және мәһір мәселесі себеп болған.

«Еркек жазды, сөйлесті. Кінә еркектен. Анық сенімді емеспін. Дәлел жоқ қолымда. Бірақ басқа қыздармен хат алмасқанын көзіммен көргенмін. Мәһір деген еркектің міндеті. Бұл жерде 20 миллионды ұрлап кетті деп қалай арыз жазып тұрғанын түсінбедім», — деді блогер.