бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 28 29.11.2023 10:34

Гүлзира Айдарбекова жас кезінде күйеуін пышақтап кеткендер туралы айтты

Гүлзира Айдарбекова күйеуін біреулер пышақтап кеткенін айтып, сырымен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбековты бәз біреулер пышақтап кеткен. Қайғылы оқиға жастардың би кешінде болған.

Қайрат 5 ай болған кезде Нұртасты Павлодар қаласына тәжірибеге алып кетті. Ол кезде Политех-тың студенті болатын. Бізге жас отбасы деп институт екі бөлмелі жатақхана берген еді, мен сол жерде қалдым. Екеуіміз екі қалада жүрдік. Павлодар қаласына барғаннан кейін, жас жігіттер би кешіне шығады. 25 бала болып барады. Сол жақтың 50-60 баласына тап болып, қарсы төбелеседі. Нұрекең сол кезде әскерді енді бітіріп келген жылы болатын, - дейді подюсер.