бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 30 29.11.2023 11:45

Ерке Есмахан екінші ұлының жағдайы жақсы екенін айтты

Екінші ұлын өмірге әкелген әнші Ерке Есмахан перзентханадан шығып, үйіне оралды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші Ерке Есмахан перзентханадан шыққан сәтін асыға күткен оқырмандарына Instagram парақшасы арқылы жауап берді.

"Сәлем достар. Біз үйге келіп алғанбыз және суреттегідей жағдай басталып кетті. Туа салып, мына Ерке құтырып кетті ғой демесін деп, көз тимесін деп, үлкендерді тыңдап кішкене инста әлемнен алшақтадым. Ертең барлығын айтып көрсетемін. Іздеп жатқан жандарға рахмет. Бізде бәрі керемет, Аллаға шүкір", - деп жазды ол.