бейсенбі, 4 шілде 2024
Жаңалықтар 9 29.11.2023 13:37

Ақтөбеде жасөспірім жоғалып кетті

Ақтөбеде жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ақтөбеде 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр. Ол туралы ақпарат  ІІМ ресми жаңалықтар арнасында жарияланды.

Ведомство мәліметінше, 2008 жылы туған ақтөбелік Иов Антон Алексеевич 27 қарашада сағат 15:00-де үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны анықталды.

Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, бойы 160-165 см, көзі көк. Үйден шығарда үстінде қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, сондай-ақ қара рюкзак болған. 

Мектеп оқушысын іздеуге полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әрі Zello-poisk еріктілері жұмылдырылған. Полиция өкілдері жоғалған жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, "102" немесе 8771-785-1058 нөміріне хабарласуды сұрайды.