сейсенбі, 2 шілде 2024
Денсаулық 4 30.11.2023 14:19

Бас прокурордың орынбасары өртенген хостелге қатысты сауалға жауап берді

Билік Алматыдағы хостелде болған өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

30 қараша күні Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қайтыс болды.

Бұл еліміз үшін өте ауыр жағдай. Осы жағдайдан қайтыс болған адамдардың жақындарына көңіл айтамын. Өздеріңіз білесіздер, түнгі сағат 5:45-те өрт туралы хабарлама келіп түсті. Бір сағат көлемінде өрт сөндірушілер өртті тоқтатып үлгерді. Десе де 13 азамат қайтыс болды. Бұл оқиға бойынша қазір ішкі істер органдарымен қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады прокурор орынбасары.

Бас прокурордың тапсырмасымен қазір Бас прокуратураның қызметкерлері мен Алматы қаласының прокуратурасының қызметкерлерімен бірге күш-жігерімізді салып, қысқа уақытта және кінәлердің жауапкершілігін қарау мәселесін қарастырамыз, - деп қосты ол.