сейсенбі, 2 шілде 2024
Денсаулық 5 30.11.2023 16:54

Қостанайда кран құлап, ер адам ажал құшты

30 қараша Қостанайда көліктің үстіне кран құлап кеткен, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Құлаған кран кабинасында 49 жастағы ер адам болып, жарақат салдарынан қайтыс болды.

Адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігінде көзделген «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында барлық тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Кранның құлау себебі анықталып жатыр. Тергеу барысында басқа мәліметтер жария етілмейді, - деді Қостанай облысының полиция департаменті.